Page 45 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 45
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Кішіпейілділік – басты қасиет special.edu.kz.
Мұрат – кішіпейіл оқушы. Ол үшінші сыныпта оқиды. Мұғалімнің
айтқанын тыңдайды. Сабақтан кешігуді білмейді. Оқулықтарын
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
таза ұстайды. Бірге оқитын достарына көмектеседі.
Сабақтан кейін апасына көмектеседі. Қарындасын ойнатады,
ренжітпейді. Малға да шөп салады. Үйге келген қонақтарды кү-
лімсіреп амандасып қарсы алады. Автобуспен мектепке бара
жатқанда үлкендерге орын береді. Қарт адамдарға есіктен кіруге,
шығуға көмектеседі. Ол өте кішіпейіл бала.
(«Ақ желкен» журналынан.)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
кішіпейілділік – адамның бойындағы жақсы қасиет
1. Мұрат нешінші сыныпта оқиды?
2. Ол қандай оқушы?
3. Сабақтан соң Мұрат кімге көмектеседі?
4. Мұрат қарт адамдарды қалай сыйлайды?
5. Мұрат қандай бала?
Суретке қарап әңгіме құра.
Мұрат қарт адамдарды қалай сыйлайды? Мәтіннен тауып оқы.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мұратқа сипаттама бер. Ол қандай бала? Мәтінді әңгімеле.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
43