Page 52 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 52

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                      Әжесін қайсысы жақсы көреді?                               special.edu.kz.

                 Қанат пен Болат әжесінің жанында ойнап отыр. Бір кезде Қа-

             нат әжесін құшақтап:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Әжем менікі, мен әжемді жақсы көремін, – деді.

                 Болат Қанаттан қалыспай әжесінің екінші жағынан шығып:
                 – Әже сенікі емес, әжем менікі. Мен жақсы көремін. Мен сен

             сияқты әжемнің басын қатырмаймын, – деп таласады. Әже не-
             мерлеріне риза болып отырады. Бір кезде қарттың көзі бұлдырап,

             жүрегі қысылды. Диванға қисая кетті.
                 Қанаттың зәресі ұшып, бақырып жылап жіберді. Болат абыр-

             жымады. Үлкен кісіше телефонға барып, «жедел жәрдем» шақыр-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ды. Ақ халатты дәрігер келіп, әжесіне ине шаншып, дәрі берді.
             Әжесі басын көтеріп, дәрігерге алғыс айтты. Дәрігер Болат пен
             Қанаттан:

                 – Телефонмен «жедел жәрдемді» шақырған қайсыларың? – деп
             сұрады.

                 Болат:
                 – Менмін, – деді.

                 – Ақылды бала екенсің. Әжеңді жақсы көреді екенсің, – деді
             дәрігер.                                                                       (М. Төрежанов)
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.





                     басын қатырмаймын – басын ауыртпаймын
                     риза болып – қуанып

                 зәресі ұшып – қорқып кетті
                 абыржымады – саспады

                 алғыс айтты – рақмет айтты



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.






             50
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57