Page 65 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 65
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қыс қуанышы special.edu.kz.
Ерлан таңертең далаға шықты. Түнде қар жауыпты. Айнала
түгелдей аппақ. Ағаштардың бұтақтары да қарға ораныпты. Күн
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сәулесімен шағылысқан ұлпа қар түйіршіктері жылт-жылт етеді.
Оларға қызықтай қараған Ерлан үйге жүгіріп кіріп:
– Апа, даланы қарашы, күміспен қаптағандай жылтырап жа-
тыр, – деді. Анасы сыртқа терезеден қарап:
– Жер ақ көрпесін жамылыпты ғой. Қардың мол түскені жақсы.
Топырақ ылғалды болса, жазда егін де, жемістер де өнімді көп
береді. Оған халық қуанады, – деді.
– Балалар да қуанады ғой, апа. Қардан аққала тұрғызды. Өр-
special.edu.kz. special.edu.kz. (Ә. Ысқақбай)
special.edu.kz.
ден ылдиға қарай шанамен сырғанайды. Қыс қызығы көбейеді.
Әне, балалар алаңға шығыпты. Мен де кеттім, – деп, Ерлан тез-
детіп киіне бастады.
ұлпа қар – жұмсақ қар
ылғалды – сулы
ылдиға – төменге
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Таңертең Ерлан далаға шығып нені көрді?
2. Ол Күнге шағылысып жылтырап жатқан қарды неге теңеді?
3. Анасы терезеден қарап баласына не деді?
4. Халық не үшін қуанады деді?
5. Ерлан не үшін қыс қызығы көбейеді деді? Неге тездетіп киінді?
6. Неліктен мәтін «Қыс қуанышы» деп аталған?
Қыста ауа райы қандай болады? Қыста балалар қандай ойындар
ойнайды?
Мәтінде қысқы табиғатты қалай суреттеген? Ерлан не үшін қуанды?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мәтіннен тап.
Ерланға анасы терезеден қарап не деді? Мәтінді әңгімеле.
63