Page 129 - 5.1.1
P. 129

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                 Бастауыш пен баяндауыштың арасына                                               special-edu.kz.
                               қойылатын сызықша



              Бастауыш    пен  баяндауыш  арасына  мынадай
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          жағдайларда сызықша қойылады:
              Бастауыш  та,  баяндауыш  та  атау  тұлғалы  зат
          есiмнен болса, араларына сызықша қойылады. Мыса-
          лы: Айна – мұғалiм. Қанат – дәрiгер.
              Бастауыш    зат  есiм  мағынасында  жұмсалған  сын
          есiмнен, сан есiмнен болып, баяндауыш атау тұлғалы
          зат есiмнен болған жағдайда араларына сызықша қой-
          ылады. Мысалы: Жақсы – жаныңа жолдас, жаман –
          малыңа  жолдас.
              Бастауыш  та,  баяндауыш  та  сан  есiмнен  болған
          жағдайда  араларына  сызықша  қойылады.  Мысалы:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          Бес жерде бес – жиырма бес.
              Бұл,  сол,  осы,  мынау,  анау,  ол  деген  есiмдiктер-
          ден жасалған бастауыштарды сол тұлғада айтылатын
          анықтауыштардан ажырату үшiн бұлардан кейiн сы-
          зықша  қойылады.  Мысалы:  Бұл  –  мектеп  ауласы.
          Анау – егiндiк жер.
              Бастауыш  у  жұрнағы  арқылы  жасалған  тұйық
          етiстiктен жасалса, бастауыш пен баяндауыш арасы-
          на сызықша  қойылады. Мысалы: Оқу – әркiмнiң мiн-
          детi.

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
               1-тапсырма. Көшiрiп жаз. Бастауыш пен баяндауыштың ара-
        сына қойылған  сызықшаға назар аудар.
            1. Жақсы – жаныңа жолдас, жаман – малыңа жолдас
        (М). 2. Екi – жұп сан, бес – тақ сан. 3. Тұяқтың шешесi –
        бiздiң апамыз (С. М.). 4. Жердiң сәнi – егiн, елдiң сәнi –
        бiлiм (М). 5. Кiтапты түсiнiп оқу – жақсы оқудың шарты
        (С. Б.). 6. Шаруам – барлау жасап қайту (С. С). 7. Бай-
        лықтың атасы – еңбек, анасы – жер (М). 8. Бұл – менiң
        көршiлерiм.

                                                                                   127
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134