Page 134 - 5.1.1
P. 134

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                    3-тапсырма. Мәтiндi оқы. Көшiрiп жазып, сөйлемнiң бiрыңғай                   special-edu.kz.
             мүшелерiнiң астын сыз.

                                      Ас – адамның арқауы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 «Ас – адамның арқауы» деген қазақтың мақалы. Бұл
             өте  құнды  мақал.  Өйткенi  денсаулықтың  жақсы  болуы
             адамның  дұрыс  тамақтануына  байланысты.  Дұрыс  та-
             мақтану адамның қанын толтырады, күшiн арттырады.
                 Таңертеңгi, түскi, кешкi тамақты күнде белгiлi мезгiл-
             де iшу керек.  Ет, нан, бауырсақ, құрт сияқты тағамдар-
             ды әбден шайнап жұту керек. Сәбiз, қызанақ, қияр, алма,

             алмұрт,  өрiк,  шие,  қарақат  сияқты  көкөнiстерді  жеген
             адамның денсаулығы жақсарады.

                    4-тапсырма. Бiрыңғай мүшелерi бар үш сөйлем құрап жаз.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                 Үлгi: Балалар «Соңғы қоңырау» мерекесіне (нелердi?)
             ән, би, тақпақ әзірледі.

                 5-тапсырма. Өлеңдi оқы. Бiрыңғай мүшелердi тауып, астын сыз.


                             Көрiктi өлкеме қарашы –
                             Тiзiлген орман, тау, қаласы.
                             Алтай мен Атырау арасы –
                             Қазақтың кең-байтақ даласы.


                 6-тапсырма. Жұмбақтың шешуiн тап.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Үрлесең жеп-жеңiл,
                 Елпiлдеп кетедi.
                 Ұшырсаң

                 Көк теңбiл,
                 Бұлтқа да жетедi.






             132
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139