Page 133 - 5.1.1
P. 133

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                        Сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерi                                              special-edu.kz.



              Сөйлемдегi қызметi бiрдей, бiр ғана сұраққа жауап
          беретiн мүшелердi бiрыңғай мүшелер деймiз.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
              Мысалы:  Ормандағы  қарағай,  терек,  қайың  гүл-
          дене бастады. Сөйлемдегi қарағай, терек, қайың де-
          ген сөздер нелер гүлдене бастады? деген бiр сұраққа
          жауап  берiп,  сөйлемнiң  бiрыңғай  бастауыштары  бо-
          лып тұр.
              Сөйлемде баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш та
          бiрыңғай  мүше  бола  алады.  Жазуда  бiрыңғай  мүше-
          лердiң арасына үтiр қойылады.


                 1-тапсырма 1. Екi бағандағы сөйлемдердi салыстырып оқы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            1. Қызыл гүл өстi.
                                                   1. Ақ, көк, қызыл, сары,
                                                       гүлдер өстi.

            2. Қараторғай келдi.
                                                   2. Қараторғай, қаз, үйрек

                                                       келдi.
                                                   3. Бiз орманды, көлдi,
            3. Бiз табиғатты
                                                       өзендi қорғаймыз.
                қорғаймыз.
            2.  Екi  бағандағы  сөйлемдердiң  қарамен  жазылған  сөздерiне
        сұрақ қой. Олар сөйлемнiң қай мүшесiмен байланысқанын айт.

              2-тапсырма. 1. Сөйлемдердi оқы. Бiр сұраққа жауап беретiн
        сөздердi тап.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            1. Тоқтар, Талғат, Есен орманға барды. 2. Орманда қа-
        йың, тал, терек, үйеңкi өседi. 3. Балалар қағаздан ұшақтар,
        қайықтар, кемелер жасады. 4. Айгүл оқулықтарын, дәп-
        терлерiн,  қарындаштарын  портфелiне  салды.  5.  Оқушы-
        лар демалыста мұражайда, театрда, көрмеде болды.

            2.  Берiлген  сөйлемдердегi  бiр  сұраққа  жауап  беретiн  сөздердi
        үлгi бойынша жаз, олардың тыныс белгiсiне назар аудар.

            Үлгi: Орманға кiмдер барды? Тоқтар, Талғат, Есен барды.

                                                                                   131
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138