Page 38 - 5.1.1
P. 38
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Тұйық буын special-edu.kz.
Дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буын
тұйық буын деп аталады. Мысалы: аң, оң, от, әл, ән,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
аз, ас, ұн, үн, ай, ат, із, ін деген сөздердің әрқайсысы
екі дыбыстан құралған тұйық буынды сөздер. Мына
сөздердің бастапқы буыны тұйық буын: ал-тау, ор-
ман, от-тық, ұл, ас-паз. Тұйық буын үш дыбыстан да
құралуы мүмкін. Қазақ сөздерінің үш дыбысты тұйық
буынының ең соңғы дыбысы қатаң, оның алдындағы
дыбысы үнді болып келеді. Мысалы: өрт, ант, ұлт,
ұрт.
1-тапсырма. Сөздерді буынға бөл. Тұйық буыны бар сөздерді
бір бөлек жаз.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Дала, олжа, керуен, еңбек, диқан, көктем, қараша,
қыркүйек, әже, адам, ел, ақын, өмір, домбыра, аспан,
сабақ, бейбіт, автобус, өзен, табиғат, ерке, көшет, өжет,
ниет, орақ, парыз, ынта, із, үміт, шалғы, түйме.
2-тапсырма. 1. Сөздерді буынға бөл. Буындардың түрін ажы-
ратып ата.
Арман, алақан, әлем, ерлік, егеу, өкше, ұрпақ, үйеңкі,
үкі, ынта, іскер.
special-edu.kz.
special-edu.kz. Жаңылтпаш special-edu.kz.
2. Қарамен жазылған сөздерден сөйлем құрастырып, сөйлем мү-
шесіне талда.
3-тапсырма. Тез айтып жаттық! Тұйық буынды сөздерді тап.
Қабат-қабат үй салдық,
Үйлер толы күйсандық.
Күйсандықтан үй салдық,
Күйсандыққа күй салдық.
36
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.