Page 50 - 5.1.1
P. 50
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Сөз – заттың, сапаның, қимылдың, санның атауы. special-edu.kz.
Мысалы, күн, қала, дала, жарық, әдемі, жеті, түсінді.
special-edu.kz.
special-edu.kz. Біз – Отанның ұланымыз special-edu.kz.
3-тапсырма. 1. Өлеңді оқып, бір шумағын жатқа жаз.
Біз – Отанның ұланымыз,
Бейбітшілік ұранымыз.
Қазақ жері – тұрағымыз,
Батыл да өр, қырағымыз.
Отан қорғау – борышымыз,
Атамекен – қонысымыз.
Туған жердің тірегі – біз,
Тек жақсылық тілегіміз.
(Б. Тікебаева)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. «Біз – Отанның ұланымыз» деген өлең жолының мағынасын
түсіндір.
4-тапсырма. 1. Мәтінді түсініп оқып, көшіріп ал.
Отан – Отбасы
Отан дегенде, ойыма өзімнің туған ата-анам келеді.
Мен ата-анамды қалай сүйсем, Отанымды да солай сүйем.
Себебі, Отанымның отбасынан басталатынына алған тәр-
бием куә. Елін сүйген ардақты ата-анам: «Туған жеріңді
сүйгенің – бізді сүйгенің, ал бізді сүйгенің – халқыңды
сүйгенің, жарқыным. Ата-ана мен Отанды бөле-жара қа-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
рауға болмайды», – деп отырады.
(«Ұлан» газетінен.)
2. Сөздің мағыналарына назар аудар.
5-тапсырма.
Есіңе сақта!
Еңбек ет те, мақтан,
Ойнап күл де, шаттан.
48
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.