Page 54 - 5.1.1
P. 54
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Синоним сөздер special-edu.kz.
Тiлде мағыналары бiр-бiрiне жуық, өзара мәндес
сөздер бар. Мысалы: сыртқы пiшiнге, бейнеге қатыс-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ты әдемi деп те, көркем деп те, сұлу деп те айтуға бо-
лады. Сондай-ақ, уақыт дегеннiң орнына ыңғайына
қарай мезгiл, мерзiм немесе кез деген сөздердiң бiре-
уiн қолданып айта беремiз. Бұл сөздердiң дыбысталуы
әртүрлi, бiрақ мағыналары бiр-бiрiне жақын және ұқ-
сас сөздер. Мағыналық жақтан бiр-бiрiне жуық, өзара
мәндес сөздердi синонимдер деймiз.
1-тапсырма. Берiлген синоним сөздердi жақша iшiндегi
сөздердiң лайықтысымен тiркестiрiп, сөз тiркесiн жасап, көшіріп
жаз.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Қысқа, келте, шолақ (тон, жiп, жең). 2. Мықты,
берiк, күштi (ағаш, адам, жылқы). 3. Сирек, селдiр (шаш,
кездесу). 4. Кәрi, қарт (ешкi, адам).
2-тапсырма. Төмендегi синоним сөздердi қатыстырып сөйлем
ойла.
1. Жайылым, өрiс.
2. Батыр, ер.
3. Салмақты, сабырлы, байсалды.
4. Айнала, өңiр, маң, төңiрек.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
3-тапсырма. Синоним сөздердiң қатарын жалғастырып жаз.
1. Сыйлау, (...), (...).
2. Әдемi, (...), (...), (...).
3. Айнала, (...), (...).
4. Шапшаң, (...), (...).
5. Жау, (...).
Үлгi: Мықты, берiк, күштi.
52
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.