Page 58 - 5.1.1
P. 58
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Омоним сөздер special-edu.kz.
Тiлде дыбысталуы бiрдей, бiрақ мағынасы басқа
сөздер бар. Мысалы: түс мезгiлi дегендегi түс сөзi
мен түс көру дегендегi түс сөзi дыбысталуы жағынан
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бiрдей болғанымен, мағына жағынан бiр-бiрiне ұқса-
майтын әр басқа сөздер.
Дыбысталуы бiрдей, мағынасы басқа сөздердi
омоним сөздер деймiз. Мысалы: Жастық. Жастық
пен көрпенi төсек үстiне жинады. «Жастық шақта
оқып бiлiм алғанға не жетсiн», – деді әжесi.
1-тапсырма. Сөйлемдердi оқып, олардың құрамындағы
омонимдес сөздердiң қайсысы қандай мағынаны бiлдiретiнiн ай-
тып бер. Көшіріп жаз.
Түс I. Балалар түс мезгiлiнде асханаға барды.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Түс II. Омар аттан асығып түстi.
Түс III. Мен түс көрдiм.
Өкпе I. Дәрiгер өкпе ауруы туралы кеңес бердi.
Өкпе II. Досым маған өкпелеп қалды.
2-тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын қалай
түсінесің? Ондай сөздер қалай аталады?
1. Көл жағалай отырған қу менен қаз.
2. Күнде сене бастаймын,
Күнде алдағыш қуларға.
3. «Егіндікке түсіп жүрер, дөңнен асыра қу», – деп,
атасы мұны атқа отырғызды.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
5. Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек.
(Абай)
3-тапсырма. Дыбысталуы бiрдей сөздердi тауып, астын сыз.
I. Алтынның қуанғаннан көзiнен жас шықты. Жас
шағыңда оқып, бiлiм ал. Ол сенен сегiз жас үлкен.
II. Жылы күндер азайып, құстар жылы жаққа кете
бастады.
56
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.