Page 62 - 5.1.1
P. 62

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                МЕН ӨСКЕН КЕЗДЕ КІМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ?                                               special-edu.kz.

                                Сөз құрамы туралы түсiнiк

                  • Сөз құрамы туралы түсінікті кеңейтуді;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                  • түбір  мен  қосымшаның  айырмашылығын  ажырата
                   білуді;
                  • жұрнақтың түрлерін мысал келтіру арқылы ажыра-
                   туды;
                  • жұрнақтың жаңа сөз жасай алатынын түсінуді;
                  • жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыратынын білуді;
                  • жұрнақ пен жалғау арқылы сөздерді өзгертуге, сөз
                   жасауға жаттығамын, оларды қолдана білуге үйре-
                   немін.

                   Сөз  түрлi  бөлшектерден  құралады.  Ол  бөлшектер
               сөз  құрамы  деп  аталады.  Сөз  құрамындағы  әр  бөл-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
               шектiң өзiне лайықты мағынасы мен қызметi бар.
                   Мысалы: сурет + шi+ лер+ дi. Бұл сөз төрт бөл-
               шектен құралған.
                   1. Сурет  – негiзгi түбiр.
                   2. -шi – жұрнақ (суретшi – туынды).
                   3. -лер – көптiк         жалғау.
                   4. -дi – септiк жалғау.


                    1-тапсырма. Сөздердi  оқы, үлгi бойынша түрлендiрiп жаз.
                  Домбыра, жел, мал, бас, бiл, ойын, балық, көгершін,
              тау, дос, бала.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                  Үлгi: Домбыра, домбыралар, домбырашы, домбырашы-
              лар, домбыраға.


                    2-тапсырма. 1. Сөздердi көшiрiп жаз.
                  Бiлгiш, қысқы, байлық, достық көлшiктер, аспаз, са-
              уыншы, құрылысшы, гүлдер, аулада, бастық, күйшi, ас-
              хана, көпшiл, бiлiм, iскерлiк, егiн.

              2. Түбiр мен қосымшаны шартты белгiлермен ажыратып сыз.
             60
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67