Page 63 - 5.1.1
P. 63

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



              3-тапсырма. 1. Мәтiндi оқы. Мазмұнын айтып бер.                                    special-edu.kz.

                                  Менің мамандығым

            Менің  болашақ  мамандығым  –  банк  ісі.  Мен  банк
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        колледжінде оқимын. Менің мамандығым өзіме ұнайды.
        Біз бірінші, екінші курстарда, негізінен, жалпы пәндерден
        оқимыз. Мысалы: қазақ тілі, шет тілі, Қазақстан тарихы,
        математика.

            Менің әкем де банк ісінің маманы. Біз әкем екеуміз
        бұл  мамандық  туралы  көп  әңгімелесеміз.  Бізде  екінші
        курстан  банк  ісіне  байланысты  сабақтар  жүріп  жатыр.
        Мен сабақтарды қызыға оқимын. Мен осы мамандықты
        қалағаныма өкінбеймін. Бұл мамандықтың келешегі өте
        зор.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        2. Қарамен жазылған сөздердi сөз құрамына талда.

        3. Болашақта сенің кім болғың келеді?

               4-тапсырма.  1.  Мына  сөздерге  тұсындағы  қосымшалардың
        тиiстiсiн жалғап, көшiрiп жаз.


            Ән                                         біл
            оқу             -шы                        айт         -гіш
            аң              -шi                       жаз          -ғыш
            балық                                      сыз         -қыш
            жазу                                       тап
                                                       көр

            қой
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            2. Қосымшалы сөздерді қатыстырып екі-үш сөйлем құрастыр.

                5-тапсырма.  Мақалдарды  оқып,  көшiрiп  жаз.  Қарамен  жа-
        зылған сөздердi сөз құрамына талда.

            1. Отанды сүю отбасынан басталады.

            2. Отанын сүйген – отқа жанбайды, суға батпайды.




                                                                                    61
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68