Page 65 - 5.1.1
P. 65

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                4-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы. Түбір сөздерді теріп жаз.                        special-edu.kz.

            Серіктің ағасы ұшқыш. Бірақ оның ұшағы шағын. Ол
        соны ойлап қиялдап отыр. Ағасы үлкен ұшақты басқарса
        ғой!
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            – Серік, сен не ойлап отырсың? – деді қасына келіп
        ағасы.

            – Аға, сен неге үлкен ұшақпен ұшпайсың?
            – Үлкен ұшақпен ұшатын ұшқыштар көп. Бірақ мен
        сияқты шағын ұшақпен ұшып, халық шаруашылығына
        көмектесетін адамдар да керек, – деді ағасы.

               5-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Көшіріп жаз. Түбір мен
        қосымшаны ажырат.

                                 Мен суретші боламын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Қолыма алып қаламды,
            Нұр-Сұлтандай қаламды
            Түсіремін қағазға –
            Гүл жайнаған даламды.


            Жер бетінде гүлдер көп,
            Қызыл, сары, жасыл, көк.
            Әдемілеп бояймын,
            Ынта болсын бойда тек.


 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Түрлі түсті бұйымды,
            Түлкі, қоян, тиінді,
            Салып едім айнытпай,
            Көрген ел-жұрт сүйінді.


            Түрлі сурет саламын,
            Ұшталсын деп қаламым.
            Ержеткенде күні ертең,
            Мен суретші боламын.

                                                                                    63
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70