Page 70 - 5.1.1
P. 70
special-edu.kz.
special-edu.kz.
8-тапсырма. 1. Түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін қо- special-edu.kz.
сып туынды түбір жаса.
Бала, ойын, кен, жүз, жазу, тап, біл, өнер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Керекті жұрнақтар: -гіш, -шы, -қыр, -лық, -шық,
-ші, -ім, -лі.
2. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
9-тапсырма. 1. Мәтінді көшіріп жаз.
Нұрекең көпті көрген адам. Ол кісі кезінде аңшы да,
балықшы да, жылқышы да болған. Әңгіменің майын та-
мызады. Үнемі немерелеріне әңгіме айтып отырады.
Мен Нұрекеңе көрші болғандықтан жиі барып тұра-
мын. Ол кісінің әңгімесін құмарта тыңдаймын.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Мәтінге ат қой.
3. Түбір мен жұрнақты ажыратып, шартты белгімен сыз.
10-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз.
Дәрігерлер
Кірпік қақсаң үзілердей гүл шырын,
Алмайсыңдар ай, аптада бір тыным.
Аққу құстай балапанын қорыған,
Сақтайсыңдар адамдардың өмірін.
Дәрігерлер, дәрігерлер, дәрігер...
special-edu.kz. Жедел жәрдем бере гөр. special-edu.kz.
special-edu.kz.
Ақ халаттың арасынан көрінсең,
Аулақ жүрер ауру деген әбігер.
(К. Салықов)
11-тапсырма. Жаңылтпашты көшіріп жаз. Тез айтып жаттық!
Ағыл-тегіл өнімді Егінші өнімді егінді
Егінші берді. Ел үшін берді.
68
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.