Page 56 - 5.1.1
P. 56
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Антоним сөздер special-edu.kz.
Тiлде мағыналары бiр-бiрiне қарама-қарсы сөздер
бар.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң, жетер-
сiң мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың
ұятқа» (мақал) деген мақалдағы жақсы – жаман сөз-
дерi бiр-бiрiне қарама-қарсы мағынада айтылып тұр.
Сол сияқты, ақ – қара, ащы – тұщы, жоғары –
төмен, көп – аз, ыстық – суық деген сөздер бiр-бiрi-
не қарама-қарсы мағынаны бiлдiредi. Мағыналары
бiр-бiрiне қарама-қарсы сөздердi антонимдер деймiз.
1-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерге мағынасы қара-
ма-қарсы сөздер тауып жаз.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Үлгi: биiк үй – аласа үй.
Биiк үй, кең бөлме, суық жел, жақын жер, жарық
бөлме, дос адам, қалың шаш, ерте тұру, сұйық тамақ, ақ
мата, жаңа киiм.
2-тапсырма. Оқып шық. Антонимдердi жұп-жұбымен терiп
көшiріп ал.
Үлгi: жуан – жiңiшке.
1. Жоғары, төмен үйрек, қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап. (А)
2. Ащы мен тұщыны татқан бiлер,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Жақын мен алысты жортқан бiлер. (Мақал)
3. Тар жерде табысқан,
Кең жерде келiседi. (Мақал)
3-тапсырма. Антоним сөздердiң жұбын тауып жазып шық.
Күндiз – суық – ерте –
жарық – жұқа – қысқа –
биiк – таза – батыр –
көп – тез – ренжу –
54
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.