Page 52 - 5.1.1
P. 52
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Көпмағыналы сөздер special-edu.kz.
Бір емес бірнеше мағынаны білдіретін сөздер көп-
мағыналы деп аталады. Мысалы, ата (зат есім) –
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1) үлкен әке, әкенің әкесі; 2) ата жолы – ескіден
қалған әдет-ғұрып; 3) атажұрт – ежелгі мекен;
4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.
Сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан
басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне
әсер етеді. Көпмағыналы сөздер бір негізден таралады
да, бір сөз табына қатысты болады.
1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Көпмағыналы сөздерді
тауып, астын сыз.
1. Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. 2. Қазір
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
иненің көзіне жіпті де өткізе алмаймын. 3. Самсаған қа-
лың жарық көрінді. 4. Талғат шкафтан қалың қызыл
кітап алды. 5. Тізімнің аяғы көрініп қалды. 6. Мен сөзінің
аяғын айтқызбадым.
2-тапсырма. Көпмағыналы сөздерді қатыстырып сөйлем
құрастыр.
Бас – адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі;
бас – шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы;
бас – таудың ең үсті, төбесі;
бас – өзеннің, бұлақтың басталған жері;
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бас – таяқтың ұшы;
бас – балтаның, шоттың ұшы бар жағы.
3-тапсырма. Жұмбақтың шешуін тап. Асты сызылған сөз-
дер көпмағыналы сөздер ме? Дәлелде.
1. Бір жансыз мойнында бар екі құлақ,
Ойнайды дәл үстінде оншақты лақ.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
50
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.