Page 5 - 5.1.3
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
КІРІСПЕ
special-edu.kz. special-edu.kz.
Бұл оқу-әдістемелік кешен – Типтік оқу жоспары мен
мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес зер-
де бұзылыстары бар балаларға арналған және олардың
даму ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тілін оқыту үшін
әзірленген құрал. Ол оқулық, жұмыс дәптері және осы
әдістемелік құралдан тұрады.
Оқу-әдістемелік кешенді оқытуды ұйымдастыру кезінде
ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың кез келген жағдай -
ларда: арнайы мектепте, жалпы білім беретін мектептің
арнайы сыныбында, инклюзивті білім беру сыныптарында
пайдаланылуы мүмкін.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Қазақ тілі зерде бұзылыстары бар балаларға арналған
арнайы мектепте барынша қарапайым тұрғыда жүргізіледі.
Бұл мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты –
оқушыларды оқу, жазу және тіл арқылы қарым-қатынас
жасау қызметінің түрлерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу)
меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін
жеткізе алуға тәрбиелеу.
Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер
қойылады:
– оқушылардың ұғымына сай мәтіндерді дұрыс оқып,
мағынасын түсінуге үйрету;
– ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға
special-edu.kz. special-edu.kz.
қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын
жүйелі түрде дұрыс жеткізе білуге үйрету;
– айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын
дамыту;
3