Page 9 - 5.1.3
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
                       ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

              Оқулық пен жұмыс дәптерінде жеңіл ақыл-ой кемістігі
           бар оқушылар үшін үлгілік қазақ тілі оқу жоспары мазмұнына
           сәйкес келетін оқу материалдары бар. Бұлардағы оқу мате-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           риалы ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған қазақ тілін
           оқытудың арнайы әдістемесіне сәйкес оқушыларға таныс-
           тыру бағытында орналасқан.
             Оқу құралы мұғалімге оқулық тапсырмаларын дәйектілікке
           және  білім  беру  бағдарларына  бағыттайтын  кестемен
           аяқталады.  Әр  тақырып  бойынша  оқушының  қызметін
           сипаттау  арқылы  тұжырымдалған  күтілетін  нәтижелер
           қалыптастырылады. Оқу үдерісінде бағдарлама бойынша
           өтілетін әртүрлі тақырыптар қарастырылады.
              Оқушылардың пассивті сөздік қоры жаңа сөздермен және
           терминдермен толықтырылады. Содан кейін оқушыларды
           белсенді  сөйлеуде  жаңа  түсініктерді  қолдануға  шақыру
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қажет.
              Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі әрбір тапсырма бойын-
           ша мұғалімнің кеңесі беріледі. Тапсырманы анық және баяу
           айтыңыз. Сұрақты бірден қайталауға тырыспаңыз. Балалар
           естігендерін ойланып түсінетін болсын. Қажетсіз басқа нәрсені
           айтатын болсаңыз, оқушылар алаңдап түсінбей қалады.
              Жасыл дөңгелек қиындықтың бірінші (төмен) деңгейін
           білдіреді.  Бұл  тапсырмаларда  оқушы  объектінің  суретін
           немесе  мұғалім  сипаттап  көрсеткен  сюжеттік  бейнені
           оқып, көрсетуі керек. Сары дөңгелек оқытудың міндетінің
           күрделілігінің екінші (орташа) деңгейін көрсетеді, ол қазақ
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           тілін түсінуді және терминологиясын өз сөзінде қолдануды,
           оны  мұғалімге  қайталауды  қамтиды.  Қызыл  дөңгелек
           күрделіліктің үшінші (жоғарғы) деңгейін көрсетеді. Мұнда
           суреттерде  көрсетілген  бейнелерге  өздігінен  сипаттама



                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14