Page 13 - 5.1.3
P. 13

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             3. ІІІ топтағы оқушыларға бағдарламалық материалды
           меңгертуде  көп  қиындықтар  кездеседі:  олар  әр  уақытта
           жаңа сабақты түсінуде заттық материалдар мен ауызша –
           логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қажет көрнекілік-
           терді мол пайдалануды қажет етеді. Себебі, олардың ой-
           лау, есте сақтау, логикалық тек қана көру, есту дағдысына
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           байланысты дамиды. Ең біріншіден, оқушыны айтылатын
           нәрсенің ең қарапайым түрімен таныстыру. Оқушыға осы
           қарапайым дағдыны меңгертудің өзі көп жұмысты қажет
           етеді.
             Жалпы оқу үстінде олар жаңа материалды бірден түсіне
           алмайды,  қайта-қайта  қосымша  түсіндіруді  қажет  етеді.
           Өздігінен жұмыс істеу қабілеті жоқ. Екінші топтағы балаларға
           қарағанда сабақты ұғынуы өте төмен. Мұндай оқушылардың
           білу дағдыларын қалыптастыру үшін үнемі сұрақтар қою
           арқылы  қолдап  отыру  керек.  Ол  үшін  мынадай  басты
           мақсатты іске асыру қажет:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             •  балалардың білімі, ептілігі мен дағдыларын байқаумен
                 тексеру (оқу, жазу сабақтарында);
             •  балаларды оқуға қызықтыру;
             •  балалардың  жалпы  және  тілдік  дамуындағы  ерек-
                 шеліктерін айқындау;
             •  есту мен көру дағдыларын дамыту;
             •  қолдың  бұлшық  еттерін  шынықтыруға  қатысты  жұ-
                 мыстар жүргізу;
             •  фонематикалық есту қабілеттерін дамыту т.б.
             Бұл топтағы оқушылар қазақ тілін оқып үйренуде мына-
           дай қателіктер жібереді:
             •  сөздер жазғанда көп қателіктер болады;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             •  әріпті, буынды тастап кетеді;
             •  әріптің үстіне әріп жазылады;
             •  әріптерді қосып жазбайды, жолдан шығып кетеді.



                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18