Page 12 - 5.1.3
P. 12
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ды. Осындай талдаудың арқасында оқушы қатесін жояды,
фонематикалық есту, көру қабілеттері дамиды, сөздік қоры
артады.
2. ІІ топтағы оқушылар – бағдарлама бойынша оқытуда
көп қиындық келтірмейді. Бірақ І топтағы оқушылармен
салыстырғанда көптеген қиындықтар ұшырасады. Олар
special-edu.kz. special-edu.kz.
көбіне оқытушының көмегінсіз өтілген материалдың ең
қарапайым түрін қорытындылай алмайды, оны түсіну
мүмкіндігі дамуындағы бұзылыстарды түзете отырып мы-
нандай мақсат қойылады:
– балаларға қажетті терминдерді меңгерту, мағынала-
рындағы айырмашылықтарды ажыратып түсіндіру;
– балалардың айналадағы заттар мен құбылыстарды
тікелей бақылау, сұраққа толық жауап беру, суретке қарап
әңгіме құру, әртүрлі машықтық жұмыстар жүргізу қажеттілігі
ескеріледі.
Оқыту жүйесінде экскурсияның білімдік және тәрбиелік
special-edu.kz. special-edu.kz.
мәні өте зор және тақырыпты ұғынуда оқушының қабылдауы
толығырақ болады. Оқу мен жазуға үйрету барысында
оқушылар фонетикадан алған бірқатар мәліметтерін еске
түсіру үшін әр сабақтың алдында қайталап отырады. Себебі,
ақыл-ой бұзылыстары бар балалардың жетіспеушілігіне не
жататынын аңғаруымыз қажет. Олар:
• сөздерді буынға бөле алмайды, бөлген жағдайда
кемшіліктер жібереді;
• сөйлем құрауда мағыналарына жіті көңіл бөлмейді,
орындарын ауыстырып жазады. Мұндай олқылықтарды
болдырмау үшін жаңа сабақты бастамас бұрын
сөзді буынға бөлдіріп, буын санын сұрай отырып,
special-edu.kz. special-edu.kz.
дыбыстардың дауысты, дауыссыз болатынын,
қайсысы қай топқа жататынын графикамен сыздырып,
ал буынға бөлуде қол шапалақтату арқылы буын са-
нын тез табуға көңіл бөлінеді.
10