Page 14 - 5.1.3
P. 14

special-edu.kz.


            Осыны болдырмау әдісі:         special-edu.kz.
            –  буын,  сөз  және  сөйлем  жазғанда  кеспе  әріптермен
          жұмыс болу керек;
            – суреттер арқылы тілін дамытып, сөзді дәптерге жаз-
          дыру;
            – талдаудың ізімен анализ жасап, оқытып жаздыру.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Осылай талдаудың арқасында оқушылар қателіктерін
          жояды,  фонематикалық  есту,  көру  қабілеттері  дамиды,
          сөздік қоры артады.
            4. ІV топтағы оқушылар көмекші мектепте қолданылатын
          оқу материалдарының өзін ең төменгі дәрежеде қабылдайды.
          Оларға  жалпы  оқу  үдерісіндегі  түсіндірулер  жеткіліксіз.
          Оларға  тапсырма  беруде,  жаңа  сабақты  меңгертуде
          көптеген  тәжірибелер  мен  жаңа  әдістемелік  тәсілдерді
          қолдануда оқытушы тарапынан нақты бақылау қажет. Ол
          үшін олармен жеке сауат ашу кезеңінде қойылатын талап-
          тармен жұмыс жүргізіледі:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            – әріптер, оларды бір-бірімен тіркестіріп, буындар мен
          тәсілдерді дұрыс меңгерту;
            – осы оқушыларды буындап оқуға жеткізу;
            Бұл  кезең  дыбыстық  талдау,  жинақтау  тәсілімен
          жүргізіледі. Оқушылар сөйлемді сөзге, сөзді буынға бөлуді
          үйренеді.  Ал  фонематикалық  есту  қабілеті  мен  тілдік
          кемістіктерін түзету үшін артикуляциялық жаттығулар жа-
          салу қажет. Олар қимыл-әрекеттерін дамыту үшін сабақ
          барысында түрлі дидактикалық ойындарға мән бергені жөн.
            Білім  беру  жүйесіндегі  қазіргі  талап,  сабақты
          ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі оқытудың жаңа
          технологияларын  орынды  қолдану  болып  табылады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,
          кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық т.б. қабілеттерінің
          қалыптасуына игі әсерін тигізеді.




          12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19