Page 11 - 5.1.3
P. 11

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

              Әдістемелік нұсқауда әрбір оқушының оқу жетістіктерін
           анықтауға арналған жетістіктер картасы бар. Сіз сондай-
           ақ  әрбір  тақырып  бойынша  оқушылардың  барлық  іс-
           әрекеттерін мұқият бақылап талдай отырып, оқушылардың
           табыстарына баға беріңіз. Жетістік картасында материалға
           меншік құқығының қол жеткізілген деңгейін атап өтіңіз, тиісті
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           күрделі деңгейдегі күнін арнайы графаға белгілеңіз.
             Әр  тоқсан  мен  оқу  жылының  соңында  оқушының
           жұмыс  дәптері  және  жетістіктерінің  толық  портфолиосы
           қалыптасады. Бұл материалдар сыныпта әрбір оқушыға
           жеке  көмек  көрсетуге,  сондай-ақ  оқу  жылының  соңында
           объективті педагогикалық сипаттама жасауға көмектеседі.

                        ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР
               ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
                                 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


             Зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған көмекші
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           мектептердегі балаларды оқыту мен тәрбиелеу профессор
           А. А. Воронкованың жүйесі бойынша 4 топқа бөлінеді:
             1. І топтағы балалар көбіне бағдарламада берілген ма-
           териалды толық меңгеріп, өздігінен берілген тапсырманы
           орындай алады, тапсырмадағы кейбір өзгерістерді тез ұғып,
           жаңа сабақты тез меңгереді. Мұндай топтағы оқушылар
           алған білімдерін машықтық жұмыста өте тез көрсете ала-
           ды. Сондықтан қазақ тілі сабағында І топтағы оқушылар,
           дыбыстық-әріптік талдауды жеңіл меңгеріп кетеді, соны-
           мен қатар оқу, жазу және дұрыс жаза білу дағдыларын тез
           үйреніп алады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Мысалы,  өзіне  бөлек  тапсырма  белгіленген  парақша
           беріп,  оқушының  қаншалықты  дәрежеде  ойлау  қабілеті
           дамығандығы бақыланады. Ол оны дәптеріне көшіріп, оған
           талдаудың ізімен анализ жасай отырып, оқып жаза ала-



                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16