Page 7 - 5.1.3
P. 7
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Диктант, мазмұндама, басқа да жазба жұмыстары
оқушылардың дұрыс сөйлеу, ойын жүйелi баяндап айтып,
жаза бiлу қабiлетiн жетiлдiре түседi.
Қазақ тiлiн жоғары сыныптарда оқытудың негiзгi мақсаты:
– түрлі бұзылыстары бар мүмкіндігі шектеулі балалар-
дың өзiне тән тiл дамуындағы өзгеше ерекшелiгiн белгiлi
special-edu.kz. special-edu.kz.
бiр жүйеге келтiру;
– бастауыш сыныптарда өткен бiлiмдерi мен дағдыларын
пысықтап, жинақтап, жаңа бiлiм дағдыларымен толықтыру;
– оқушылардың қоршаған орта, дүниетаным туралы
түсiнiктерiн қалыптастыру;
– оқушыларға патриоттық, экологиялық тәрбие беру;
– тiл дамытуға арналған материалдарды дидактикалық
материалдармен байланыстыру, сол арқылы оқушылардың
сөздiк қоры мен сөйлеу дағдыларын арттыру;
– оқушылар бойында адамгершiлiк, iзеттiлiк, инабаттылық
қасиеттердi дамыту.
Қазақ тiлi – мектептiң ұлттық сипатын айқындап, оқу-
special-edu.kz. special-edu.kz.
шылардың бойында ұлттық сапалықты дарытатын, туған
халқының тiлi мен дiнiн, дәстүрi мен салтын құрметтей
бiлуге үйрететiн пән. Осы қадiр-қасиеттi оқушы бойына ба-
рынша толық жеткiзе білу әрбiр мұғалiмнiң бiлiмдарлығына
байланысты.
5-сыныпқа арналған оқулық мынадай бөлiмдерге топтас-
тырылды:
1. Бастауыш сыныптарда өткендi қайталау.
2. Дыбыстар мен әрiптер.
3. Буын және оның түрлері.
4. Сөз туралы ұғым.
5. Сөз құрамы.
special-edu.kz. special-edu.kz.
6. Сөз таптары.
7. Сөйлем.
8. Байланыстырып сөйлеу.
9. Жыл бойы өткендi қайталау.
5