Page 127 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 127

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                     Шопан  баласы                                               special.edu.kz.

                                               1

            Айнала аппақ қар. Отар еңістеу төбеге қарай ақырын өр-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        мелеп келеді. Қой төбе етегінде шашыла жайылған. Отардың
        шетінде бір қара ноқаттай болып бір атты қараяды. Бұл –
        Бертай қойшы. Оның жел қаққан келбетті жүзінен ірі, қоңқақ
        мұрны көрінеді, басында түлкі тымақ. Үстіне жағасы ұзынша
        келген шолақ тон киіпті. Жас болса да мұрт-сақал жіберіпті,
        қазір оларды қырау шалып, даладағы боз селеу сияқты  ап-
        пақ болып, аяздан секиіп тұр. Ер-тоқымына қарды сықыр-
        лата сызып келе жатқан сойыл байлапты. Осы дыбыс пен

        қойдың пысқырғанынан басқа ешқандай дыбыс естілмейді.
        Айнала бір сәт ұйқыға кеткендей. Осы жай шопанды қатты
        алаңдатуда. «Тып-тыныш, боранның алдындағы тыныштық
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        болмаса екен. Егер қойды бір күнге ертерек қашарға қарай
        айдасам жаман болмас. Азығы мол. Иә, отарды қайтаратын
        уақыт келген сияқты», – деп ойлады. Оның ойын жылқы тұя-
        ғының тарсылы бөліп жіберді.





            1. Затты ата.                                               (М. Сүндетов)
            Қара ноқаттай болып қараяды – ... .
            Даладағы боз селеу сияқты  – ... .

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            2. Етістікті мағынасы сай келетін басқа етістікпен ауыстыр.

            Отар еңістеу төбеге қарай ақырын өрмелеп келеді.


                 3. Шопанның сыртқы түрін  сипатта.


            Қашар – бұл ... . Нұсқалар:
            а) мал қамайтын ашық жер;
            ә) мысықтың үйі.                                                       125




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132