Page 132 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 132
special.edu.kz.
special.edu.kz.
6 special.edu.kz.
Әкесі: «Егер боранда адасып кетсең, атыңды бекер қам-
шылама. Атыңа ерік бер. Ол – ақылды жануар, қойдың ар-
тынан да барады, сені де тастап кетпейді. Қалай болса да
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
үйге жеткізеді», – деп жиі айтатын. Әкесінің сол сөздері есі-
не түскен Бақытжан торы атына сенімін артты. Ол енді ең
маңыздысы отарды көзден таса қылмау екенін түсінді.
Желдің қаттылдығы сондай – баланы ат үстінен жұлып
алатындай. Торы да аяздан кішірейіп кеткендей. Аяғын ұсақ-
ұсақ басады. Бақытжан алдында суықты сезбеді, кейіннен
денесін суық ала бастады. Тонының жағасын көтерді, тұма-
ғының бауын байлады. Бірақ оның көп көмегі болмады. Аяз-
дың ұзын саусақтары оның қойнына кіріп кеткендей көрінді.
Біраздан кейін Бақытжанның қатты тоңғаны соншалық-
ты – тісі тісіне тимеді. Дала да қараңғылана бастағандай. Күн
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
батқан болар. Бақытжан қатты қорқып кетті: «Қасқырлар
шапса не істеймін? Қойлармен бірге жеп қоятын шығар...».
Әкесі де бірде: «Қасқырлар адамға шабуға тайынбайды», –
деп еді. Бақытжанның денесі дір ете түсті. Суықтан ба, қор-
қыныштан ба, білмеді. Мүлдем қатып қалды.
«Әкем мені таба алмай жүрген болар. Осылай қатып қал-
сам не болады?» – деген ой келді.
Торы ат қой артынан желе-жортып келеді. Бақытжан
отарды көзден таса қылмады.
Бірақ ат жүрісінің біркелкілігі, желдің ысқырығы оны тер-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бетіп, баланың ұйқысын келтірді. Бірақ ұйықтауға болмайды,
оны да әкесі айтқан. Бақытжан ұйықтап қалмауға тырысты.
1. Боран кезінде өзін қалай ұстау керек? Нұсқалар:
а) атты қамшылау;
ә) компасқа қарау;
б) атқа сену;
в) ұйықтау.
130
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.