Page 135 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 135
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Тағы да иттер қатты үрген қалпында жанталасып қамыс special.edu.kz.
түбін қаза бастады. Адамдар анықтап қараса, бір төмпешік
жатыр. Тышқанның ініндей...
Бертай жанталаса қолымен қарды қазды. Бөрігі де басы-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
нан ұшып кетті, ол ештеңені байқамады. Көзінде қорқыныш...
10
Терлікке оранған баланың денесін көргенде, көбі шыдай
алмай теріс қарады. Бала қозғалмайды. Адамдар терлікті
аша алмай үнсіз қалды. Бәрі Бертайға жаны аши қарады.
Дауысы дірілдеген Бертай:
– Құлыным менің, – деп сыбырлады.
Бірақ әке жүрегі баласының өліміне сене ме? Бертай тер-
лікті ашып жіберді, терліктің ішінен пар шықты, Бақытжан
тыныс алып жатыр екен!
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әкесінің ыстық жасы Бақытжанның бетіне тамып кетті,
Ол көзін ашты. Ол оянды!
Барлығы қатты қуанды:
– Бақытжан тірі, тірі!
– Бақытжанды құтқардық!
– Қойлар аман ба, көке? – Бұл Бақытжанның қойған бі-
рінші сұрағы еді.
– Аман, аман, балам! Менің кішкентай қойшым! – деп, ба-
қытты Бертай баласының бетінен сүйді.
– Қарашы, ең алдымен қойларды сұрап жатыр. Нағыз
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қазақ. Қазақтар кездескенде алдымен «мал-жан аман ба?»
деп сұрайды ғой. Бұл бұрыннан келе жатқан салт қой. Бұл
оның қанында.
– Әрине, шопанның баласы ғой. Әкесіне тартқан.
Бақытжанның аман-есен табылғанына барлығы қатты
қуанды.
1. Мәтіннен тап. Балаға әкесінің қандай ақылы көмектесті?
133
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.