Page 171 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 171

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



            5. Тиін үшін асмәзірін жаса. Бұған әңгіме мәтіні көмектеседі. Тиін-                  special.edu.kz.
        нің не жейтінін еске түсір. Қажеттісін таңда.

            Шырша бүршігі, таңқурай жидегі, саңырауқұлақ, ағаштың
        бұтақтары, балмұздақ, қызылжидек.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                     Аюдың қасіреті                                              special.edu.kz.




            Бұл оқиға Тянь-Шань тауының етегінде болған еді. Биік
        қарағайлардың арасындағы спорт алаңында шекарашылар
        футбол ойнап жүр еді. Бір кезде бір тарсыл естілді. Қара-
        са – аю. Аю бейшара жолды көрмей келе жатыр екен. Ол
        орманда қалайы сауыт тауып, басын сауытқа тығып ішін жа-
        лапты. Ал басын қайтадан шығара алмапты. Шекарашылар
        аюды құтқарды. Олай болмағанда, аю бір жерде өліп қала-
        тын еді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Балалар мен ересектер! Демалыста табиғатқа жиі шығып,
        таза ауада демалғанды жақсы көресіңдер. Бұл өте жақсы!
            Бірақ орманның жасыл дастарқанында қағаз, қалайы
        сауыттар, тамақ қалдықтарын тастап кетпеңдер. Орман мен
        даланы сақтаңдар! Бұл – біздің байлығымыз.

                                                                      (М. Зверевтен.)
            1. Сөздер мен айтылымдарды түсіндір.

            Орманның жасыл дастарқаны – ... .
            Шекарашылар – ... .
            Қалайы сауыт – ... .
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                 2. Табиғатта қалай демалатының туралы шағын әңгіме құра.

            3. Мақалдарды оқы, ішінен мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал-
        дарды таңда, дәптерге жазып ал.

            1) Тазалық – денсаулық кепілі.


            2) Жұғын жерде шыбын бар,
                Шыбын бар жерде шығын бар.                                         169



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176