Page 173 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 173
special.edu.kz.
special.edu.kz.
1. Құланның сипаттамасын оқы. special.edu.kz.
Құлан – Қызыл кітапқа кірген жылқы тұқымдас жануар.
Сыртқы пішіні есек пен жылқының ортасында. Денесі-
нің ұзындығы – 210-240 см, биіктігі шоқтығына дейін –
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
130-140 см, салмағы 300 келіге дейін жетеді. Түсі жайылым-
дық жердің топырағына қарай құм сияқты сарғыштан қы-
зыл қоңырдың аралығында болады. Жалы қысқа, құйрығы
есекке келеді.
Құлан – Қазақстан даласындағы өмірге бейімделген жа-
нуарлардың бірі. Құмдағы, қу даладағы кез келген өсімдік-
пен коректенеді, тұзды суды да іше береді.
2. Суреттен тап:
- құланның шоқтығын;
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
- арқасындағы қара түсті жолақты;
- тікірейіп тұратын жалын.
3. Саған құланның өлең түріндегі
сипаттамасымен ғылыми тұрғыда
берілген сипаттамасының қайсысы ұнады? Неге? Олардың
айырмашылықтары қандай?
Дұрысы қайсы?
Бірде Алма үйге қатты қуанып келді.
– Сонша неге қуандың? – деді мамасы Алмаға.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Ой, мама, атамның үйінің аты бұзаулапты. Енді апамдікі-
не барып айран ішіп тұрамын.
Оған мамасы мырс етіп күліп жіберді
– Ақымағым-ау, ат бұзаулай ма екен?
– Енді қалай? – деп таңданды Алма.
– Ат емес, бие құлындайды. Ал биенің сүтінен қымыз ашы-
тылады. Бұзаулайтын – сиыр. Оның сүтінен айран ұйытады,
май, қаймақ алады. Түйе боталайды. Түйенің сүтінен шұбат
ашытады. 171
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.