Page 176 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 176

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                           Біздің Құтжол                                         special.edu.kz.

                 Марат пен Мұраттың әкесі жүні жып-жылтыр қара күшік
             алып келді. Оған Құтжол деп ат қойды. Мұрат Құтжолға сүт
             құйып, тамақ беріп күте бастады. Марат болса, күшіктің ма-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ңынан да жүрген жоқ. Күшік Мұратқа үйреніп, соңынан жү-
             гіріп ойнайтынды шығарды.
                 Бірде бұлардың үйіне қаладағы туыстарының баласы Бо-
             лат келді. Ол Мұрат пен Мараттан:
                 – Бұл кімнің күшігі? – деп сұрады.

                 – Менің күшігім, – деді Мұрат.
                 – Ол сенікі емес, менікі! – деп Марат таласа кетті.
                 Бұл екеуі әбден қызыл кеңірдек болғанша айтысып, әді-
             лін сұрап әкесіне келді. «Күшік кімдікі? Қайсымызға әкел-
             дің?» – деп сұрады олар.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Күшікті кім күтсе, сонікі болады дағы, – деді әкесі.
                 – Онда, күшік менікі, – деді Мұрат.
                 – Мұрат сияқты қарасаң, ол сенікі де болады, – деді әкесі
             Маратқа.

                 – Мен енді Құтжолды күтемін, менікі де болсын, – деп
             өтінді Марат.
                 – Онда Құтжол сенікі де, менікі де емес, біздікі болсын, –
             деді Мұрат.
                 Осыдан былай Мұрат пен Марат «Құтжол біздікі» дейтін
             болды.                                                        (М. Төрежанов)
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.



                 1. Күшікті кім үйге алып келді? Күшікті
             кім күтті? Күшіктің иесі кім болады?  Неге?
             «Менікі» мен «біздікі» сөздерінің арасында
             қандай айырмашылық бар?



                      2. Сурет бойынша шағын әңгіме құра.




             174
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181