Page 177 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 177
special.edu.kz.
special.edu.kz.
3. Ақыл сөздерді дәптерге көшіріп жаз. special.edu.kz.
Ақыл қалта
Табиғат – тіршіліктің тал бесігі. Табиғатта қоқыс,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қағаз, қалайы сауыттар мен тамақ қалдықтарын
тастамаңдар. Орман мен даланы қорғаңдар! Бұл –
біздің байлығымыз.
Жылқы адамның адал досы
Жылқы деген жануар мал атаулының ішіндегі қайратты-
сы екен. Өте бір түтеген боран соғып кетпесе, қандай ыз-
ғарлы суықтарда еш уақытта желге жонын бермей, маңда-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
йын бере қарсы қарап қар тебеді. Сол кезде жел көтерген
оның жалы жалаудай желбіреп, көтеріліп кетеді. Құйрығы
аспаннан сорғалаған жауындай тарамданып, көсіліп тұра-
ды. Қарсы алдынан соққан желдің лебі қар бетінде жүгірген
борасынды әкеп кептегендіктен, боз жылқы түгіл, қара не
торы сияқты баран түсті жылқылардың да маңдай терісі ақ-
бурылдана қалады... Қыс бастала еркін жетілетін жылқының
түгі ол кезде құндыздай құлпырып, желдің лебінен желпіл-
дегенде көзіңді тоқтатпайды...
Осы бейнедегі жылқы жануары қалыңдығы бауырынан
келетін, үстіңгі жағы қабыршақтанып қатып қалған қарды,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
кейде алдыңғы оң аяғын, кейде сол аяғын көтеріп жіберіп,
тұяғымен салып кеп қалғанда, сүймен тиген мұздай қар
опырылып түседі. Опырылған қарды тұяғымен кейін көсіп
лақтырып тастаған жылқылар, қардың кетілген жерлерін
кеңітіп алғаннан кейін, астында ұйпаланған көделерді қарға
тұздықтай аузын толтыра асайды...
Жылқыларда да аналық мейрім барын сол кезде байқай-
сың. Соңынан құлыны, тайы ерген мама биелер қар тепкен-
175
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.