Page 210 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 210
special.edu.kz.
special.edu.kz.
асфальттанған көшелерінде кездесе ме, әрине, жоқ. Қаз- special.edu.kz.
дан қатты қорқып қалған Аяжан қозылы қойларды көргенде
де қорыққанынан есі шығып кетті. Енесінің жанында секіріп
жүрген қозы енді келіп оны сүзетіндей көрінді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Ата, ол мені сүзеді. Ата! – деп айқайлап, атасының ар-
тына тығылып қалды.
– Ой, жаным! Бұл қой ғой. Ол саған тиіспейді, сүзбейді.
– Мүйіздерін қарашы! – деді Аяжан.
– Мүйізі болса да, қой ең момын жануар. Олар адамды
ешқашан да ренжітпейді.
Біраз уақыттан кейін оған Аяжанның өзінің де көзі жетті.
Қозылар ешкімге тиіспей, қораның жанына топталып жина-
лып, «тамақтарын» іше бастады.
Аяжан бұрын тірі қозыларды көрмеген. Қозыларға қызыға
қарап, олардың жанынан кеткісі келмеді. Оған әсіресе қара
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қозы қатты ұнады. Ол анасының жанында ойнақтап, өзінше
сүзгендей әрекет жасады. Аяжан: «Оны ұстап көрсе ғой», –
деп ойлады. Ол ақырындап қозыға жақындай түсті. Қара
қозы ойыншық сияқты. Бірақ бұл ойыншық тірі, ерке ... .
– Ата, оны ұстауға бола ма?
– Әрине, болады.
Аяжан қорқақтап барып ақырын ғана қозының арқасы-
нан сипады. Жүні жібектей жұмсақ екен. Содан кейін қозы-
ны көтеріп алды. Қозы жеп-жеңіл екен! Ол жұлқынуын қо-
йып, Аяжанның бетінен жалап алды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Ата, қарашы, – деп ол айқайлады, – қозы менің бетімен
сүйіп алды.
– Ол өте ақылды қозы. Кімнің жақсы көретінін біледі, –
деп жауап берді атасы. – Қалай, таныстың ба? – деп атасы
күлімсіреді.
1. Айтылымдарды түсіндір.
... момын жануар – ... .
... өзінше сүзгендей әрекет жасады – ... .
208
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.