Page 211 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 211

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



            2. Диалог дегеннің не екенін еске түсір. Мәтіннен диалогті тап. Оны                  special.edu.kz.
        жолдасыңмен бірге оқып бер.

            3. Қозыны сипаттап бер.

            4. Бұл бөлімге ат қой.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                                 4

            – Ата, таудың артында не бар? – деп сұрады Аяжан.
            – Онда не бар? Онда да біз сияқты адамдар өмір сүреді.
        Олардың да отар-отар қойы, егістік жерлері бар.
            – Егістік деген бидай ма?
            – Сұлыны, бидайды, жүгері мен тарыны да егеді.
            – Ата, егін қалай өседі? Мен кинода көргендей ме?
            Атасы көңілденіп бір күліп алды.
            – Қала деген осы. Сегізге келдің, әлі нанның қалай өсеті-
        нін көрген жоқсың.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Көрдім. Кинодан көрдім.
            – Кинодан көргенді көрдім деп айтуға бола ма?
            – Қалада нан өспейді ғой.
            – Құлыным менің, мен сені егістікке апарып көрсетемін.
        Сенің күнделікті жеп жүрген наныңның қалай өсетінін біл-
        меуің ұят болады.
            Атасы  жұмыстан  төртке таман келді. Аяжан оны асыға
        күтіп отырды.
            – Ата, егістікке барамыз ба? – деп, алақанын шапалақтап,
        бір орнында тұрып секіріп-секіріп қойды.
            – Барамыз.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Атасы қорадан үшдөңгелекті мотоциклін шығарды. Мо-
        тоцикл гүрілдеп алға қарай жүре жөнелді.
            Қатты қуанған Аяжан  атасына, мотоциклге, жолға қарай
        берді. Атасы  көзіне шаң түспеу үшін көзілдірік киіп алды.
        Олар егістікке жетіп те келді. Егістіктің ұшы-қиыры көрінбей-
        ді. Атасы егістіктің шетіне мотоциклін тоқтатып, жерге түсті.
            – Ата, нан осы ма?
            – Иә, бұл – бидай, – деп жауап берді атасы.                            209




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216