Page 212 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 212
special.edu.kz.
special.edu.kz.
– Ой, қандай биік, менің бойымдай! – деп таңғалды special.edu.kz.
Аяжан. – Ата, бидайдың дәні қайда?
Сарыкен бидайдың бір масағын үзіп алды. Оны алақаны-
на салып уқалап, үрледі. Атасының алақанында маржандай
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
домаланған дәндер ғана қалды.
– Қандай әдемі!
– Иә, бидай жақсы шығыпты. Сен жақсы көретін ақ нан-
ды осы бидайдан пісіреді.
– Нанды бидайдан пісіре ме? Нанды ұннан пісіреді ғой.
– Ал ұн қайдан шығады?
– Білмеймін, – деп Аяжан ұялып қалды.
– Білмейсің? Кәне, мен саған көрсетейін. Жүр, кеттік.
Егістіктің ұшы-қиыры жоқ. Біреуі бітсе, басқасы баста-
лады. Барлық жерде бидай пісіпті, масақтары ағарып, кеуіп
тұр екен. Жақында егін жинау науқаны да басталып кетіп-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ті. Атасы мотоциклін егістіктің шетіне тоқтатып, егін ішінде
қалқып жүрген алып кемедей мәшинені көрсетті.
– Міне, комбайн деген осы.
Ал комбайн гуілдеп жақындап қалды. Ол егістіктің орта-
сында бидайды кең қамтып жұтып келе жатыр. Ал бидай мә-
шинеге сусылдап төгіліп жатыр.
(Б. Соқпақбаев)
1. Атасы неге Аяжанды егістікке алып келді?
2. Бұл серуенді қалай атауға болады, саяхат па, әлде экскурсия
ма? Неге?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3. Бару үшін қандай көлікті пайдаланды? Ересектерге арналған
мотоциклдің неге үш дөңгелегі болады? Мотоциклшіге неге қорғаныш
көзілдірік керек?
4. Не үлкен, не кіші? Сөз тіркестерін оқы және көлемінің өсу бел-
гісіне қарай ата.
1) бидайдың масағы;
2) бидай егістігі;
3) бидай дәні.
210
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.