Page 29 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 29

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                 4. Аңыз әңгіменің басты тақырыбы не? Нұсқалар:                                  special.edu.kz.

            а) еңбекқор және ынталы болудың бағалануы;
            ә) он екі қызы болуының жақсылығы;
 special.edu.kz.                     Аблакетка өзені                                             special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
            б) отбасында өзін қалай ұстау керектігі.




                                                   Аблакетка өзені Ертіс өзені-
                                               нің бір сағасы болып табылады.

                                                   Бұрынғы заманда Абылай
                                               деген  сараң,  қатыгез  жоңғар
                                               ханы болыпты. Оған қазақ елі-
                                               нің осы өзені қатты ұнапты. Хан:
                                               «Ол өз суын неге басқа жаққа
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                               ағызады, оның таза суын мен,
                                               менің малым ғана ішуі керек», –
        деп ойлайды. Ол өзінің жауынгерлеріне үлкен-үлкен тастар-

        ды өзенге лақтыруға бұйырады. Бірақ өзен қатты қарсылық
        көрсетіп, буырқанған суымен, қатты ағынымен тастарды
        Ертіске қарай ағызды. Бірақ адамдар өзенді жеңді. Хан бө-
        геттің үстіне шығып: «Қараңдар, мен қандай күштімін! Бәрі
        менің билігімде. Қаласам, сенің суыңды жалғыз өзім ішемін», –
        деп мақтанды. Бұған шыдай алмаған өзен  өзінің ақырғы бар
        күшін жинап,  бөгетті жарып жібереді. Мақтаншақ, қатыгез
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        жоңғар ханы да таспен бірге Ертіске ағып кетеді. Өзен жа-
        ғасында тұрған адамдар: «Абылай кетті», – деп қуана айғай-
        лапты. Содан бері өзен Аблакетка болып аталып кетіпті.



                 1. Мәтін сөздерімен төмендегіні дәлелде.

            Жоңғар ханы сараң болды – ... .
            Ол таза суды жақсы көретін – ... .
            Ол адамдар туралы ойламады  – ... .                                      27




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34