Page 30 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 30

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                      2. Аңыз әңгімені жоспар бойынша бөл. Екінші бөлімге ат қой.                special.edu.kz.

                                  Жоспар

                 1) Қатыгез және сараң хан.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 2) _________________
                 3) Бөгет салынды.
                 4) Өзен бәрінен күшті  болды.

                 3. Аңыз әңгімені жоспар бойынша әңгімелеп бер.

                                           Шөл мен түйе

                                                    Баяғыда бір ханның ұлы мен
                                                сұлу қызы болыпты. Балалары
                                                ержеткен соң, хан қызына бай
                                                күйеу тауып ұзатпақшы болады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                                Қызы туған ауылынан кеткісі кел-
                                                мей, әкесіне жалынады. Бірақ әке-
                                                сі: «Баяғы замандардан бері келе
                                                жатқан ғұрып бойынша, күйеу қа-
             лыңдықты өз ауылына алып кетуі тиіс», – деп жауап береді.
                 Сонда ағасы мен қарындасы қашуға бел байлап, түн-
             де атқа қонады. Таңертең ұйқыдан тұрған хан олардың жоқ
             екенін біледі. Ол тілін алмаған балаларына қатты ашулана-
             ды. Таңдаулы жігіттерін қашқындарды қуып жетіп қайтару-
             ға аттандырады. Ханның балалары қуғыннан қашып құтыла
             алмайтындарын  түсінеді.  Сонда  қыз  құм  болып  шашылып,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             шөлге айналады, ал жас жігіт түйе деп аталатын жануар бола
             қалады. Осылайша сахараның ортасында жалпағынан жайы-
             лып шөл жатыр, құм арасында тірі жан иесі жоқ. Шөлді тек
             түйе ғана кесіп өте алады, басқа ешкімді шөл өз иелігіне жо-
             латпайды.


                 1. Аңызды екі бөлімге бөл.

                 1-бөлім. Аңыз әңгіменің шынайы бөлігі.
                 2-бөлім. Ертегіге айналуы.

             28
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35