Page 31 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 31

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                 2. Аңызды жоспар бойыша әңгімелеп бер.                                          special.edu.kz.

                       Жоспар

            1) Ханның отбасы.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            2) Әке қалауы.
            3) Қашу.
            4) Шөл мен түйе.


                                        Жеке батыр

            Аңыз бойынша, ертеректе алып
        күш иесі, арманшыл бір батыр осы
        өңірде  өмір  сүріпті.  Жас кезінде
        уайым-қайғы дегенді елемей, өзін-
        ше думандатып өмір сүреді. Ер-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        жеткенде жоқшылық пен халық
        мұңын көріп, қабағын кірбің шала-
        ды.  Туған  жеріне  жоңғарлар  мен
        қалмақтар жиі-жиі шапқыншылық
        жасап отырған. Ауылдардың шаңын аспанға  көтеріп, ас-
        тан-кестең қиратып, жау әскері елдің малын және қорған-
        сыз адамдарды айдап кетеді. Ал ел іші бір-бірімен қалыңдық
        пен жайылымдыққа таласып, күнде қырқысып, өзара ауыз
        бірлікке келе алмайды. Бұны көрген жас батыр бәріне қо-
        лын бір сілтеп, ауылдан кетуді ойлайды. Еркін жүріп, бақ пен
        байлық іздегісі келеді. «Мүмкін болса ауылдастарыма жақ-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        сылық жасасам, сонда олар тынышталар ма еді», – деген
        оймен кетпекші болады. Басына дулыға, үстіне сауыт соғып
        киіп, қолына болат қылыш алып, бақыт іздеп жолға шыға-
        ды. Жол үстінде Жеке батырға басқа ауылдың батырлары
        жолығады. Олар да бақыт жолын іздеп шыққан екен. Жау-
        мен бірінші болып қазақ батыры жолығады. Қалың қол оның
        алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол жаумен ұзақ шайқасады.
        Жау қара масадай құжынап, шегірткедей үймелеп, батыр-
        дың үстіне шығып кетеді. Оның көзі көрмей, құлағы есті-


                                                                                     29
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36