Page 47 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 47
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Баланың қытығына тиетіні – осы жері. special.edu.kz.
– Әйтеуір сендерден дәрмен жоқ екен. Ендеше бірге
жүрдім не, жеке жүрдім не? Ал кеттім! – деп соқтырта жө-
нелді. Бұл – Тақырбұлақтан өте бергенде бастағаны еді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Содан жаңағы қауіпті деген Есембайға жеткенше арты-
на бірде-бір қараған жоқ. Көз ұшына кетіп ұзап алып, ылғи
жападан-жалғыз шауып отырған.
Ал «Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау» де-
ген Есембай – Найзатастар болса, ол Абайдың өз аулының
аса мәлім қоныстары. Көктем мен күз уақыттарында, жы-
лында екі рет осы жерлерге Құнанбай ауылдары келіп қо-
нып, ұзақ уақыт отырып, жайлап та кететін. Анау көрініп
тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой
өрісі – барлығы да соншалық таныс, жақын. Тіпті былтыр
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл осы
қоныстан, Есембайдан кеткен болатын. Сонда тайға шап-
қан, асық ойнаған құрбы балаларымен жаяу жарыс жасап,
асыр салған ең соңғы бір ыстық қоныс осы болатын. Қыс
бойы ауылды, елді сағынғанда есінен кетпейтін соңғы күн-
дері дәл осы Есембайда өткен.
Енді кеп: «Бұл жерде ұры бар, сұмдық жер, бәле жат-
қан жер» деген сөздің қандайы болса да көңілге дарымай-
ды. Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі
өлке мұнарланады. Барлық айналадағы кең дүниеге, әсі-
ресе мынау өзі туған сахара, үлкен белдерге соншалық
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бір туысқандық ыстық сезіммен, кешіріммен де қарайды.
Жабыса, сағына сүйеді. Үзілмей, қатаймай, бірқалыппен
желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рақат!
Осы желмен құлпыра, толқып, су бетіндей жыбыр қағып
шалқып жатқан ал күрең көде мен селеу далалары... дала
емес – теңіздей! Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз
телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды. Шамасы келсе, бұл жерлерді
құбыжық көру емес, үрке қарау емес, құшағын керіп ай-
45
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.