Page 50 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 50

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                              Туған жер                                          special.edu.kz.
                 Сен, міне, жарық дүниеге келдің. Әкең мен шешеңнің қуа-

             нышында шек жоқ. Туған-туысқандарың да мәз-мейрам. Сен
             анаңның ақ сүтін еміп, әуелі бесікте құндақтаулы жаттың.
             ақ таяқты ат қылып мініп, шапқылай жөнелдің. Ол «тұлпар»  special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Сөйтіп уілдейтінді шығардың. Сонан соң еңбектедің, отыру-
             ды үйрендің. Тұруға да шамаң келе бастады. Алақай, міне,
             тәй-тәй басып жүріп те кеттің! Сонда сен құйттай табаның-
             мен алғаш рет туған жердің топырағын бастың. Келер жылы


             таяқ туған жердің талы болатын. Сонан соң балаларға еріп
             қармақ салмақ болып өзенге бардың. Ол өзен де туған жер-
             дің төсінде ағады. Ондағы сазан, ақбалық, алабұға, шортан,
             тағы да басқа балықтар да – туған жер ризығы. Жазда көлге
             барып, талай-талай рақаттана шомылған боларсың. Бала-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             қай, біліп қой, ол да – туған жердің көлі. Көлді көмкере өскен
             көк құрақ пен ну қамыс, жасыл қоғасы қандай көркем! Сол
             айдын суда жұбын жазбай жүзіп жүрген кербез аққуларға
             көзің түскен болар. Құс төресі сол аққулар да – сен туған
             жердің түлегі, өзің өскен елдің көркі. Қаз, үйрек, қасқалдақ,
             басқа да су құстарының неше түрлісін көрдің. Олар да сен

             туған жерді мекен етеді, өсіп-өнеді, өркен жаяды. Ұлан-бай-
             тақ даланы түз тағысы – киік, таутеке, арқар, аю, барыс, қа-
             былан сияқты жабайы аңдар да қоныс етеді. Бүркіт, сұңқар,
             қаршыға, тұйғын сынды сайыпқыран құстарды туған жердің
             қай тұсынан болмасын кездестіресің. Қырдың әнші құсы –
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             бозторғай ше!
                 Туған жеріміз – Қазақстанда телегей теңіз де, ұшар ба-
             сын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек боп бой тү-
             зеген орман-тоғай да баршылық. Ал ол шеті мен бұл шетіне
             көз жеткізісіз бетегелі боз дала мен ақ қияқ, боз тал, қызыл
             жыңғыл, тораңғы, жасыл шағырлы құм шоқы, қарауыл төбе,
             биік дөң, қыз бел, жатаған қыраттар бізде де аз емес!

                                                                          (Ө. Қанахиннен.)



             48
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55