Page 53 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 53

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                       Дала баласы                                               special.edu.kz.
                        Бес жасынан ат құлағында ойнайтын,
                        Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын.
                        Мен – баласы даланың!
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                        Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін
                        Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін
                        Мен – баласы даланың!

                        Ат үстінде ән шырқасам Алтайдан,
                        Ақ Жайықта қуанып ел марқайған
                        Мен – баласы даланың!


                        Мұздан төсек, қардан көрпе жамылар,
                        Көк дауылда, ақ жауында жадырар
                        Мен – баласы даланың!
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                                                        (М. Әлімбаев)            special.edu.kz.


                 1. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда.
            Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын – өлең жолы нені
        білдіреді? Нұсқалар:
            а) суға шомылуға шықты;
            ә) жақсы жүземін;
            б) басымды жуамын.

            Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін,
            Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін – өлең жолдары
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        нені білдіреді? Нұсқалар:
            а) жануарлардың аттарына дейін білемін;
            ә) қойлардың барлығын жақсы танимын;
            б) қозыларды саусақпен санаймын.


                 2. Сұрақтарға мәтін сөздерімен жауап бер.

            1) Бала қай жаста атқа отырды?
            2) Баланың баққан қойының саны қанша?
            3) Бала қай жерде өмір сүреді?                                           51



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58