Page 52 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 52

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                 Жарық аспан, жасыл далам!                                       special.edu.kz.

                 Жарық аспан, жасыл далам,
                 Сен жұмбақсың ашылмаған.
                 Қымбат қара тасың маған,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Құмарым бір басылмаған,
                 Жарық аспан, жасыл далам!


                 Жарық аспан, жасыл далам,
                 Келесің сен ғасырлардан.
                 Оқтан, оттан – жасындардан –
                 Өттің талай асулардан,
                 Жарық аспан, жасыл далам!


                 Жарық аспан, жасыл далам,
                 Сендерден сыр жасырмағам.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Бірі жаңбыр,
                 Бірі тандыр
                 Беріп мен асыраған,
                 Екеуіңсің асыл анам,
                 Жарық аспан, жасыл далам!
                                                             (С. Мәуленов)

                 1. Бұл қандай өлең екенін түсіндір. Нұсқалар:

                 •  Отан туралы өлең;
                 •  табиғат туралы өлең;
                 •  адам туралы өлең.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                      2. Өлең мазмұнына сәйкес келетін суретті таңда.



                      3. Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап ал.



                 Құрметті досым ... !

                 Мен саған ... тұратын,   елім, жерім туралы айтып бергім келеді.



             50
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57