Page 77 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 77
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Әже special.edu.kz.
Ұл-қызыңа ерген
Немереңбіз, әже.
Немереңнен өрген
special.edu.kz.
special.edu.kz. Шөберең біз, әже. special.edu.kz.
Үйреткен сөз мәнін
Тілімізсің, әже.
Жарқыраған дәйім
Күнімізсің, әже.
Шуағыңды сеуіп,
Жайна, анамыз – әже!
Жұлдыз болып сені
Айналамыз, әже.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
(С. Қалиев)
1. Бұл өлең кімге арналған? Автор әжесін қалай жақсы көреді?
Ол әжесіне деген сезімін қандай сөздермен берген? Мәтіннен
тап. Әжесі оған не үйретті?
2. «Менің әжем» тақырыбына шағын әңгіме жаз. Жұмбақ кім туралы?
Дегенімді жасайтын,
Қалған тамағымды асайтын.
Ертіп алып жетектеп,
special.edu.kz.
special.edu.kz. Ақыл қалта special.edu.kz.
«Немерем» деп атайтын?
Ата мен әжең ұзақ өмір сүрген. Олардың тіл-
дерін алып, ақылдарын тыңдау керек.
Бірақ басқа ата-әжелерге де көмектесу ке-
рек. Бөтен, жалғызбасты, ауру, қарт адамдарға
қайырымдылық көрсетуді ұмытпа.
special.edu.kz. special.edu.kz. 75 special.edu.kz.