Page 80 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 80
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Бота десе, ботасың... special.edu.kz.
Жазда Ботакөз қаладан ауылға келді. Атасының үйінде
бірнеше күн аунап-қунап, көгалда ойнап, өзенге шомылып
жақсы дем алды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бір күні әжесі:
– Жақыпбектің інгені боталапты, – деп үйге айтып келді.
– Әже, Жақыпбектікіне апарып, ботаны көрсетіңізші, –
деп жалынды Ботакөз.
Әжесі немересін Жақыпбектің үйіне алып келіп, жас бо-
таны көрсетті. Ботакөз сұлу, мөлдір көзді ботаны көріп қат-
ты сүйсінді.
– Ботаны көруге неге осынша ынтық болдың? – деді әже-
сі оған.
– Менің атым Ботакөз емес пе? Бота қандай болады екен,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
соны көргім келіп еді.
– Бота да өзіңдей әдемі сүйкімді болады. Сен де бота
десе, ботасың! – деп әжесі немересінің бетінен сүйді.
(М. Төрежанов)
1. Оқы. Өзіңнің есіміңнің нені білдіретінін біл.
Ақыл қалта
Біз «оның есімі жақсы екен», «атыңа кір келтірме»
деген айтылымдарды жиі естиміз. Бұл адамдардың
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
есімінің маңызды екенін білдіреді.
Адамның есімі – бұл халық тарихы мен мәдениеті-
нің бір бөлігі. Адам есімі қоғам өмірімен, оны қорша-
ған ортамен тығыз байланысты. Ұрпаққа жарасымды
есім беру – ежелден келе жатқан, ізі суымаған жал-
пы халықтың игі дәстүрi. Ата-ана дүниеге келген пер-
зентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім
беруді қалайды.
78
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.