Page 79 - Казак адебиетi_Окулык 5-сынып
P. 79

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



        әжесінің әңгімесін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да тың-                            special.edu.kz.
        дай  беретін.
            Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әң-
        гімелер тапты. Ол – осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        көргені, естігені жайындағы әңгімелер. Ел мен елдің шабы-
        сы, таласы жайында бірталай әңгіме айтты.
            Тағы бірде Мамыр, Еңлік қыздардың қайғылы өмірлері
        туралы да айтып берді. Абай қажымай, жалықпай ынтыға
        тыңдайтын.
            Зере Абайдың кітапқа деген ықыласын байқап, бір күні
        кешке:
            – Қарағым, осының ақыл. Ішкен мен жегенге мәз болып,
        мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде бо-

        лып жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырыл-
        ма! Ұқсама аналарға! ... – деген.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Әжесі кітап қадірін жақсы айтқанға Абай риза болып, жа-
        ңағы сөзден соң күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын бол-
        ды. Шешелері, малшылар, балалар барлығы ұйып тыңдай-
        тын.
                                                                           (М. Әуезов)


            1. Абай қайда, қалай отыр? Әже қандай жыр айтып отыр? Абай
        кітаптан не тапты, не оқыды? Абайдың әжесі әңгімені қалай айтатын?
        Әжесі ел ішіндегі қандай әңгімелерді айтты?

            2. Зере әженің кітап туралы айтқан жерін мәтіннен тауып оқы.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            3. Мәтін неге «Абайдың әжесі» деп аталатынын түсіндір.

            4. Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндір.
            Анық бағалады – ... .
            Шебер әңгімеші – ... .

            Дәмді ғып, қызықтырып айтады –  ... .
            Қажымай, жалықпай   ынтыға тыңдайтын – ... .

            5. «Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен?» деген тіркес-
        тер қай уақытта айтылады? Неге?                                              77


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84