Page 59 - 5.3.1
P. 59
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жайлаудағы той special-edu.kz.
Мамыр айының соңғы күндері. Балалар жазғы дема-
лысқа шықты. Қанат пен Ержанды ата-анасы жайлау-
ға жібереміз деп шешті. Оларды атасы мен әжесі қуана
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қарсы алды. Атасы мен әжесі балаларға жайлауда күн-
дерінің қалай өтетінін айтып берді. Балаларды таңертең
ерте тұру керек деп ескертті. Малды жайлауға ерте ай-
дау керектігін айтты. Немерелерінің келгеніне ата-әжесі
қатты қуанды. Екі балаға жайлау өте ұнады. Киіз үйде
ұйықтап, тауға шығу, бүлдірген теріп, көбелек қуу. Күн-
нің қалай өткенін де білмей қаласың. Олар атасы мен
әжесіне де көмектесуге дайын. Кезектесіп қозы бағады.
Әжесіне бұлақтан су тасып береді.
Бір күні жайлауда малшылардың тойы болды. Тойға
жан-жақтан малшылар келді. Дастарқан жайылды. Күрес-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
тен жарыс өтті. Бәйге* болды. Ән айтып, би биленді. Қа-
нат көрші ауылдың баласын күрестен жеңіп шықты. Ер-
жан жүгіруден бірінші орын алды. Сыйлыққа Қанатқа
әдемі доп, Ержанға шахмат берді. Жайлауда малшылар
тойы өте көңілді өтті. Балалар дәмді, тәтті тағамдар жеп,
сыйлықтар алып мәз-мейрам* болды.
(А. Мусина)
бәйге – ат жарысы
мәз-мейрам – қуану
1. Балаларға жайлау неге ұнады? Әңгімеден тауып оқы.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Балалар атасы мен әжесіне қалай көмектесті?
3. Жайлауда неге ерте тұрады?
4. Жайлауда қандай той болды?
5. Той несімен қызық болды?
1. Тыңда. Жайлаудағы малшылар тойы туралы жазылған
жерді оқы.
2. Жайлаудағы тойдың қалай өткенін айтып бер.
Әңгімеден жайлауда не істейтінін оқы.
1. Әңгімені дауыстап, кезектесіп оқы.
2. Екі баланың жайлауда өткізген күндері туралы айтып бер.
57
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.