Page 64 - 5.3.1
P. 64
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Отан – отбасы special-edu.kz.
Ана тілі сабағы. Рабиға апай «Отан – отбасы» деген
тақырыпты өткізді. Сондай-ақ тақырып бойынша әртүр-
лі мысалдар келтірді. Мақал-мәтелдер айтты. Сабақтың
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
соңында Ж. Әбдірашевтың «Отан» деген өлеңін оқыды.
Отан – атам,
Отан – әкем!
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса неге біздер
Дейміз оны «Атамекен?*
Отан – әжем,
Отан – анам!
Екеуі де бірдей маған.
Туған ел, Туған жер деп
Ол бекерге аталмаған...
special-edu.kz. special-edu.kz.
Рабиға апай оқушылармен өлеңді талдады. Отанның special-edu.kz.
Атам,
Әжем,
Әкем,
Анам –
Төртеуі де Отан маған.
отбасынан басталатынын түсіндірді. Осы тақырыпта ба-
лалар өз ойларын ашық айтты.
Сабақ аяқталды. Айдар мен Айдос мектептен шықты.
Бүгінгі Отан туралы сабақ екі досқа ерекше әсер еткен-
дей. Екеуі де ойланып келеді. Бір кезде Айдар:
– Айдос, Отан дегенді сен қалай түсінесің? – деп сұрады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Отан дегенде, ойыма өзімнің ата-анам келеді. Мен
ата-анамды қатты жақсы көремін. Ата-анам мен үшін ең
қымбат жандар. Отанымды да солай жақсы көремін, –
деді Айдос.
– Бүгін сабақта апай: «Отаныңды сүю, ата-анаңды сүй-
генмен тең», – деді. Осы сөзді қалай түсінуге болады екен?
Айдос:
– «Отан отбасынан басталады». Ата-ана мен Отанды
бөліп қарауға болмайды. Себебі Қазақстан – біздің сүйікті
62
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.