Page 113 - 5.5.1
P. 113
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Ешкі – шөпқоректі үй жануары. Бұл өте таза және қо- special-edu.kz.
ректі талғап жейтін жануар. Ешкінің балаларын лақ деп
атайды. Ешкі адамдарға сүт береді, одан қаймақ, май,
ірімшік және сүзбе жасайды. Ешкінің жүні әрі жұмсақ,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
әрі жылы. Олардың түстері (ақ, қара, қоңыр) әртүрлі бо-
лады. Ешкінің жүнінен кілем, мен көрпе жасайды, жылы
киімдерді (кеудеше, қолғап, нәски) тоқиды. Адамдар еш-
кіден сүт пен жүннен басқа ет пен былғары да алады.
Сүті денсаулыққа өте пайдалы.
Ешкілер қорада тұрады. Адамдар ешкіге жылы болу
үшін олар тұрған жерге шөп төсейді. Адамдар ешкіні
бағып күтеді, оның қорасын тазартады және жем береді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Шөпқоректі үй жануарлары немен қоректенеді? Сиыр не
жейді? Ешкі не жейді? Сиырдың төлін қалай атайды? Ешкінің
төлін қалай атайды? Сиыр мен ешкіге мүйіз не үшін керек? Сиыр-
дың адамға қандай пайдасы бар? Ешкінің адамға қандай пайдасы
бар?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Шөпқоректі үй жануарларына мысал келтір. Сауыншы туралы
айтып бер. Сиыр мен ешкі қайда тұрады? Иесі сиыр мен ешкіні қа-
лай асырайды? Сиыр мен ешкі жазда қайда жайылады және немен
қоректенеді? Иесі сиыр мен ешкіні қыста немен асырайды? Сиыр
мен ешкі оған алғысын қалай білдіреді?
Сүттен қандай дәмді және пайдалы тағамдарды дайындайды?
Оларды бір сөзбен қалай атауға болады? Сүт өнімдерін қайдан са-
тып алуға болады? Сиыр мен ешкіні кім сауады? Сиыр мен ешкіні
тәуліктің қай мезгілінде сауады?
111
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.