Page 115 - 5.5.1
P. 115

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



            Қасқырдың  үйі  –  апан.  Қасқырлар  апанын  жақсы                                   special-edu.kz.
        қорғалған,  паналы  жерлерге  салады.  Олар  жартастағы
        үңгірлер,  жыралардағы  шұңқырлар  немесе  басқа  да
        аңдардың індері де болуы мүмкін.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
           Есіңе сақта! Егер сен қасқырды кездестірсең, онда оған
                   жақын барма және тиіспе. Бұл өте қауіпті!

                   Сұрақтар мен тапсырмалар:
                   Қандай жануарларды  жыртқыш аңдар (етқоректілер) деп
        атайды?
            Түлкі немен қоректенеді? Қасқыр немен қоректенеді? Түлкінің
        балаларын  қалай  атайды?  Қасқырдың  балаларын  қалай  атайды?
        Түлкі  қайда  тұрады?  Қасқыр  қайда  тұрады?  Егер  сен  түлкі  мен
        қасқырды кездестірсең, не  істеу керек?
            Сөйлемдерді толықтыр:
            а)  Қоректі  өздері  тауып  жейтін,  жауларынан  өздері
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        қорғанатын, өздеріне тұратын жер ізейтін,   балаларына
        өздері қамқор болатын   жануарларды ... деп атайды.
            ә) Адамдар  өсіріп, бағатын, жем беретін, жауларынан
        қорғайтын, олар үшін қора салатын, олардың балалары-
        на қамқор болатын жануарларды ... деп атайды.
            Қандай жануарлар «жыртқыш аңдар» (етқоректілер) деп ата-
        лады? Жыртқыш аңдарды (етқоректілерді) ата. Жыртқыш аңдар
        қайда  мекендейді?  Егер  сен  жыртқыш  аңдарды  кездестірсең,  не
        істеуге болмайды? Неге?
            Қасқыр мен түлкіні неге «жыртқыш аңдар» деп атайды? Түлкі-
        ге ұсақ жануарларды аулау үшін не көмектеседі? Қасқырға басқа
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        жануарларды аулау үшін не көмектеседі?
            Сен қалай ойлайсың, қай жануарларға өмір сүру қиын? Үй жа-
        нуарларына  ма,  әлде  жабайы  аңдарға  ма?  Үй  жануары  жабайы
        болып кете ала ма?
            Қасқыр мен түлкіні жоспар бойынша салыстыр.

            1. Сыртқы түрі.
            2. Қоректенуі.
            3. Тұратын жері.
            4. Балалары.




                                                                                   113
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120