Page 79 - 5.5.1
P. 79
special-edu.kz.
special-edu.kz.
«Бақбақ неден қорықты?» ертегісі special-edu.kz.
Оқы.
Ертеде бір бақбақ өмір сүріпті. Бір күні ол гүл күл-
телерін Күннің көзіне жайып отырса, бір көбелек келіп
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
оған қона қалыпты. Сол кезде бақбақ жанынан өтіп бара
жатқан сиырды көріп, қатты қорқып кетті. Көбелек:
– Сен неге қорқып кеттің? – дейді.
– Мен қалай қорықпаймын, – деді бақбақ, – сиыр менің
жапырақтарымды жеп қояды ғой. Ал мен жапырақсыз
қорек заттарды ала алмаймын.
Сиыр жапырағына тиіспей, жанынан өтіп кетті. Бір бала
жүгіріп келе жатыр еді. Бақбақ қайтадан қорықып кетті.
– Ал енді неден қорқып отырсың? – деп сұрады көбе-
лек. – Бала жапырақты жемейді ғой.
Бақбақ:
– Бала менің сабағымды сындырып кетеді, ал онсыз
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қорек заттар жапырақтан тамырға жете алмайды. Ал мен
сабақсыз өмір сүре алмаймын, – деді.
тұқым
гүл
жапырақ сабақ
тамыр
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Бала да жанынан жүгіріп өтіп кетті. Бір кезде жерден
құрт қазып алу үшін балықшылар келе жатты. Оларды
көрген Бақбақ одан әрі қатты қорқып кетті.
– Ал енді неден қорқып отырсың? – деп сұрады көбелек.
– Балықшылар құртты қазып аламын деп тамырым-
ды зақымдауы мүмкін. Тамыр жерден қорек заттар мен
суды сіңіреді. Онсыз мен қурап қаламын.
– Ой, сенің өмірің қиын екен, – деп, көбелек ұшып кетті.
77
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.