Page 133 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 133

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                    Мақтаншақ маса                                               special.edu.kz.
                                           (мысал)

            Аулада үлкен қоңыр өгіз тұр. Оның айналасында маса
        ызыңдап ұшып жүр. Маса ызыңдап барып өгіздің құлағына
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        қонды.
            Өгіз құлағын қағып қалды. Ұшып кеткен маса өліп қала
        жаздады. Маса есін әзер жинады. Ұшып барып, өгіздің та-
        науына қонды.
            Өгіз терең тыныстады. Осы кезде маса танауға тар-
        тылып* кете жаздады. Амалы құрыған маса өгізді айналып
        ұша берді. Оның бар ойы өгіздің қанын сору еді.
            Өгіз тұмсығы мен құлағына масаны жолатар емес. Өгіз
        құйрығымен екі бүйірін сабалап тұр. Маса әрі-бері ұшып
        шаршады. Өгіздің еш жеріне қона алмады. Шаға да алмады.
            Болмаған соң: «Өгізден менің тұмсығым ұзын. Мен өгіз-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        ден де күштімін. Өгізден де айлакермін*», – деп өзін-өзі ал-
        дап мақтаныпты.
                                                                        (З. Иманбаев)

                танауға тартылып – өгіздің мұрнына кіріп кетті
                айлакер – қу



                1. Мысал қалай басталып тұр?
                2. Маса қайда  ұшып жүрді?
            3. Маса өгіздің қай жеріне қонды?
            4. Масаның бар ойы неде?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            5. Өгіз масадан қалай қорғанды?
            6. Өгіз масаны өзіне жолатты ма?
            7. Маса өзін-өзі қалай алдады?

                    Мысалды мұқият оқы.
                Мақтаншақ масаның өз-өзін алдаған сәтін өз сөзіңмен айтып бер.
                Терең тыныстаған өгіз туралы тұсты тауып оқы.
            Масаның өгізді шаға алмау себебін өзара талқыла.
                Аулада тұрған қоңыр өгіз туралы оқы.
            Масаның дыбысын салып айт.                                             131



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138