Page 138 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 138
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Құмырсқалар special.edu.kz.
Жидек тосабы* салынған ыдыс қоймада тұрған еді. Құ-
мырсқалардың бірі шыны ыдыстағы тосаптың ішіне кіріп
алды. Сосын басқа құмырсқаларды шақырды. Енді шыны-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
дағы тосапты барлық құмырсқалар жеп мәз болды.
Үйдің иесі құмырсқаларды көріп қойды. Тосапты құмырс-
қалардан тазалады. Шыны ыдысты жоғары сөреге көтеріп
қойды. Құмырсқаларға жоғары сөреге шығу сөз емес! Олар
түгелдей жабылып әлгі тосапқа тағы жетіп алды. Тәтті то-
сапты жеп мәз болды.
Үй иесі шыны тосапты құмырсқалардан тазартты. Сөй-
тіп, шыны ыдысқа жіп байлады. Жіпке байланған ыдыс ты
төбеге іліп қойды.
Ыдыстағы тосаптың ішінде бір құмырсқа қалып қойған
еді. Әлгі құмырсқа ыдыстан шықты. Ыдысқа байланған жіп-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
пен төбеге өрмеледі. Төбеден қабырғаға, қабырғадан еден-
ге жетті. Төменде толып жүрген құмырсқаларға келді.
Әлгі құмырсқа өзінің қайтқан жолын басқа құмырсқа-
ларға айтқандай болды. Олар бірінің артынан бірі шұбырып
қабырғамен төбеге өрмелей бастады. Содан жіп арқылы тө-
беге байланған ыдыстағы тосапқа жетті.
(Л. Н. Толстой)
жидек тосабы – қайнатылған жидек
1. Жидек тосабы қайда тұрды?
2. Құмырсқалардың бірі не істеді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3. Үйдің иесі нені көрді? Ыдысты қайда қойды?
4. Құмырсқалар қайтті? Үй иесі тағы не істеді?
5. Ыдыста қалған құмырсқа басқаларға қалай жол көрсетті?
Ыдыстағы бір құмырсқа туралы тұсты оқы.
Құмырсқалардың бірлігі туралы әңгімеле.
Үй иесі құмырсқаларды көрген бөлікті кезектесіп оқы.
Құмырсқалардың тосапқа қалай жетіп алғанын айт.
Жидек тосабы салынған ыдыс туралы оқы. Бір құмырсқаның
басқа құмырсқаларды қайда шақырғаны туралы айтып көр.
136
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.